Головкинмен бірінші жекпе-жекте екінші рет кездесудің қажеті жоғын дәлелдеймін - Альварес

Мен өз жеңісіме сенімдімін, бірақ қиындықсыз болады деген сөз емес", - деді "Канело".

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жекпе-жекке өткізуге қазақстандықтың Дэниэл Джейкобспен өткен кездесуін көргеннен кейін келісімін берді деген сөздерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Біз негізгі келісімда Джейкобспен өтетін жекпе-жекке дейін шешіп қойдық. Ол америкалықты жеңуі керек болды. Сол себепті де бұл кездесудің менің шешіміме мүлдем әсер еткен жоқ. Бұл жекпе-жекті біз қаладық, ол қыркүйекте өтеді. Мен әлі де Головкиннің ең жоғарғы деңгейде жұдырықтасады деген сенемін. Ол менен сәл ірілеу, алайда ол менен мықты деген сқз емес. Егер нокауттарды салыстырар болсаңыздар менікі онікінен кем соқпайды. Мықтылық соққының ауырлығымен емес дәлдігімен бағаланады", - деді Альварес. 

Мексикалық боксшы қазақстандықпен реванш өткізбесі үшін таза жеңетініне сенімді. 

"Головкинмен бірінші жекпе-жекте екінші рет кездесудің қажеті жоғын дәлелдеймін. Әрине ол бокс әлемінде мықтылардың бірі. Ол өте мықт және мен жекпе-жектің оңайға соқпайтынын білемін. Мен өз жеңісіме сенімдімін, бірақ қиындықсыз болады деген сөз емес", - деді "Канело". 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.


  0