Головкин 2018 жылы поляк боксшысы Мацей Сулецкимен жұдырықтасуы мүмкін

Мацей Сулецки кәсіпқой бокс шаршы алаңында 23 кездесу өткізген.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) 2018 жылы полшалық боксшы Мацей Сулецкимен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффле ringpolska.pl басылымына берген сұхбатында айтты. 

Сұхбат барынсында промоутер Головкинмен қашаннан бері жұмыс істеп жатқанын және Головкиннің алдағы жоспарлары туралы айтыпты. 

"Мен Головкинмен алты жыл бұрын жұмыс істеп бастадым. Осы уақытқа дейін 15 кездесуін бірге өткіздік. Қазіргі уақытта "Головкин бокстан қашан кетеді", - деген сұрақтарды маған жиі қоятын болды. Геннадийдің басты мақсаты - орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді біріктіру. Қазірше оның еншісінде Бүкіләлемдік бокс ұйымының үш чемпиондық белбеуі бар. Енді төртіншісін жеңіп алу керек. Қазір Головкин сол үшін жұмыс істеп жатыр. Бокстан кететін ойы жоқ. 

2017 жылғы біздің жоспарлар құрылып қойған. Дэниел Джейкобстан кейін біз кіші Чавес немесе Сауль Альвареспен жұдырықтасуды жоспарлап отырмыз. 

Ал 2018 жылы полшалық Мацей Сулецкимен жекпе-жек өткізуіміз мүмкін. Бұл кездесуді "Мэдисон Сквер Гарденде" өткізсек дейміз. Және бұл бокс кешіне Александр Усик пен Кшиштоф Гловацки арасындағы кездесуді қосу да ойда бар", - дейді Леффер ringpolska.pl басылымына берген сұхбатында

Айта кетейік, 27 жастағы поляк боксшысы Мацей Сулецки осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 23 кездесу өткізіп, оның 8-де қарсыластарын нокаутқа түсірген. 






  0