Сойлыбаев Шейн Мозлимен спарринг өткізеді

Отандасымыз қазір Лос-Анджелесте дайындалып жатыр.

"Diamond Ring" промоутердік компаниясының қазақстандық боксшысы Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте өткізіп жатқан жаттығуы барысында атақты америкалық Шейн Мозлимен спарринг өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz

Қазіргі уақытта боксшымыз "Wild Card West" жаттығу залында атақты Эрик Браунның қол астында жаттығып жатыр. Жаттығу барысында ол бірнеше спарринг өткізген екен. Алдағы уақытта отандасымыз америкалық боксшы, орта салмақтағы WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы 45 жастағы Шейн Мозлимен жекпе-жек өткізеді. 

Еске сала кетейік, Бекман Сойлыбаев кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың мамыр айында өткізген еді. EPBC WBC тұжырымының чемпиондық атағын қорғау үшін өткен кездесуде отандасымыз Николоза Кокашвилимен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. 

Бірақ бұл жекпе-жек барысында Бекман ауыр жарақат алып қалды. Содан бері бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Бізге жеткен мәліметтер бойынша, АҚШ жерінде жаттығу жиындарынан кейін Сойлыбаев қайта шаршы алаңға шығады. Қазірше оның келесі қарсыласы кім болатыны белгісіз. 





Тег:



  0