Қанат Ислам жаңа қарсыласы жайлы пікірін айтты

Отандасымыз қарсыласы туралы ойымен бөлісті.

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) 9 қыркүйек күні Астана төрінде Брэндон Кукке қарсы өткізетін кездесуі туралы ойын бөлісті. 

"Қыркүйекте Астанада өтетін жекпе-жегімде канадалық боксшы Брэндон Кукпен жұдырықтасатын болдым. Қарсыластың осалы болмайды. Сондықтан дайындықты барынша күшейтуге бет бұрдым. Қазіргі таңда айқасқа дайындықты бастап кеттім. Сәтін салса, Алатау бөктерінде тамыздың ортасына дейін жаттығуымды жалғастырамын. Ары қарай соңғы дайындықты елорда төрінде өткіземін. Бұл ел есінде қалатын қызықты кездесу болады деген үміттемін", - дейді Қанат Ислам.

Еске салайық, Қанат Ислам және Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек 9 қыркүйекте Астанада өтеді.





  0