Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне жетті

Отандасымыз мексикалық Оскар Мехиядан үстем түсті.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз Квебектегі Стивен Батлер (18-0-1, 15 КО) мен Брендон Кук (17-0, 10 КО) арасындағы бокс кешінде жұдырықтасқан болатын. 

Жеңіл салмақта өнер көрсететін 25 жастағы боксшымыз мексикалық Оскар Мехиямен кездесіп, жекпе-жектің алтыншы раундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 






  0