Қанат Ислам WBO рейтингінде бір саты төмен түсті

Бүкіләлемдік бокс ұйымының жаңартылған тізімі 25-ақпанда шықты.

Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты төмен түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүкіләлемдік бокс ұйымының жаңартылған рейтингі 25 қаңтар күні шықты. Бұл рейтингтегі орта салмақтағы боксшылары арасында отандасымыз бір саты төмен түсіп, алтыншы орынға жайғасыпты. 

Тізімнің көшін америкалық боксшы Деметриус Андраде бастап тұр. Екінші орынға атақты пуэрто-рикалық Мигель Котто жайғасқан. Үшінші сатыда австралиялық Денис Хоган орналасқан.

Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық боксшы Патрик Аллотейден басым түскен еді.



Тег:



  0