Фируза Шәріпова Австралияда жекпе-жек өткізуі мүмкін

Бұл туралы боксшының промоутері Сергей Завилейский айтты.

Қазақстандық боксшы ару Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский Vesti.kz тілшісіне Австралияда жекпе-жек өткізу ұсынысы жайында айтып берді.

"Бізге расымен 26 наурызда Австралияда жергілікті Деанна Хоббспен жұдырықтасу туралы ұсыныс жасалған. Ол  BoxRec рейтингі бойынша сегізінші орында, Кэтти Тэйлордан да жоғары тұр. Екі жекпе-жек өткізген және екеуін де уақытынан бұрын аяқтаған.

Бұл өте мықты қарсылас. Егер Ресей немесе Қазақстанда жұдырықтасу ұсынылғанда еш қиындық болмайтын еді. Бірақ Австралияға бару және ол жаққа үйренуге ұзақ уақыт керек, сондықтан біз әлі нақты шешім қабылдаған жоқпыз. Бізге басқа да ұснысытар түсіп жатыр. Фирузаның даңқы күн сайын асқақтап келеді.

Австралиядағы жекпе-жек бойынша айтарым: біз үшін гонорар көлемі аздау, оны көтеруін сұрадық. Екінші жақ бұл туралы ойланып жатыр. Бірақ біз қарсыласты бақылап, оның ерекшеліктеріне мән беріп отырмыз. Жалпы бізге осы деңгейдегі қарсыластар керек. Біз асғып отырған жоқпыз. Фирузаны Ресей мен Қазақстанда ғана емес, Еуропа, Австралия мен Америкада да жақсы таниды. Фирузаның өзі осы жекпе-жеке құлшынып отыр. Сондықтан жақын арада жан-жақты ойлап, бір шешімге келеміз" - дейді Завилейский.

Еске салайық, мұның алдында Фируза Шәріпова алдағы көктемде чемпиондық атаққа таласуды жоспарлап отырғаны белгілі болды. Ұлыбританиялық The Sun таблойды қазақстандық боксшы қыз танымалдығы жағынан жағымсыз кеіпкер Боратты асып тұскенін жазған. Ал Шәріпованың өзі Vesti.kz оқырмандарына ризалығын білдіріп, тек сұлулығымен ғана емес, рингтегі жетістіктерімен де қуанта беретінін айтқан.


  0