Головкин - Альварес жекпе-жегі бокс әлемі үшін қажет - Абель Санчес

Абель Санчес Головкин мен Альварес арасында жекпе-жек өтетініне сенім білдірді.

Бапкер Абель Санчес қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасында жекпе-жек өтетініне сенім білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Команда ретінде Головкин - Альварес жекпе-жегіне өтетініне сенімдіміз. Бұл бокс әлемі үшін қажет. Оскар Де Ла Хойя (Альварестің промоутері) сөзінде тұрады деп ойлаймын. Біздің промоутер Том Леффлер келіссөз үзілмегенін айтты, бұл жақсылықтың нышаны. Не боларын күтейік. Бұл жекпе-жектің өтуін сұраудан таймаймыз", - деді Санчес ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі. Ал Альварес мамыр айында жерлесі Хулио Сезар Чавеспен жұдырықтасады. Де Ла Хойя Головкин мен "Канело" 2017 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шығады деп уәде берген болатын.



  0