Головкин Джейкобстың күл-талқанын шығарады! - Германиядағы "қазақ" боксшысы

Қазақстанда дүниеге келген Андреас Майер Голвкиннің алдағы жекпе-жегі туралы өз пікірін білдірді.

Қазақстанда дүниеге келген германиялық боксшы Андреас Майер (6-0, 5 КО) Vesti.kz тішлісіне берген сұхбатында балалық шағын есіне алды және соңғы жекпе-жегі туралы айтып берді.

"Мен көп еңбектенемін. Бокс менің өмірім. Мен жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайтынымды білдім. Бірақ екінші немесе үшінші раундта бітеді деп ойлағанмын. Өзімді жинақы ұстадым, 30 секундта қолайлы қашықтыққа жақындап, мүмкіндігімді пайдаландым", - дейді Майер.

Сұхбат барысында ол өзін Андрей деп атай беруге болатынын айтты. Оның промоутері First Punch оған келесі қарсылас қарастырып жатқан көрінеді. Ал таңдандыратын жайт боксшы жеке бапкерінсіз дайындалады екен.

"Менің көмекшілерім бар. Жекпе-жекте бапкердің тәжірибесі өте маңызды, алайда, мені жетістікке жеткізетін құпиям бар. Ал егер бәрі жақсы болып жатса, чемпиондық белбеуге қолжеткізгім келеді", - дейді ол.

Боксшы өзінің Қазақстанда туғаны туралы да айта кетті. "Балқашта шомылатыным есімде... Талдықорғандағы үйімізде неше түрлі тәтті жемістер өсетін. Туған жерім туралы естеліктер көңіліме жылылық ұялатады. Ал боксқа бала кезімнен қызықтым. Әскери болуды армандайтынмын, тәртіпке берік болуым осыдан шығар", - дейді боксшы.

Қазақстандық боксшылардан кімнің жекпе-жектерін тамашалайсыз деген сұраққа ол бірден Геннадий Головкинді атады. "Генаның! Ол өте мықты, орта салмақта оған тең келер ешкім жоқ. Ол алдағы жекпе-жегінде Джейкобстың күл-талқанын шығаратынына сенімдімін!", - деп сенімділігін білдірді спортшы.

Еске салайық, Майер соңғы жекпе-жегінде ұлыбританиялық Ариф Шафигті отыз секунда жеңген. 32 жастағы спортшы 2016 жылдың ақпан айынан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. Ол алты жекпе-жек өткізіп, бесеуін уақытыннан бұрын аяқтаған.


  0