"Астана арландарының" WSB жобасындағы бірінші жекпе-жегін өткізетін жер анықталды



Бүкіләлемдік бокс сериясының VII маусымдағы шымылдық ашар кездесуінде жолығатын "Astana Arlans" пен "Russian Boxing Team" клубтары қай жерде кездесетіні анықталды, деп хабарлайды "Р-Спорт".

Басылымның таратқан мәліметіне сенсек, екі клуб арасындаңы кездесулер 3 ақпан күні Мәскеуде "Динамо" спорт кешенінде өтеді екен. 

Кеше бұл жекпе-жекке қатысатын ресей боксшыларының тізімі шыққан еді. Ал "Astana Arlans" клубының бапкерлері кездесуге қатысатын боксшылардың есімін әлі жарияламады. 

Айта кетеік, WSB жобасының VII маусымында 12 команда қатысады. Биыл біздің командамен бір топта ресейлік ұжымнан бөлек, қытайлық "China Dragons" пен өзбекстандық "Uzbek Tigers" командалары өнер көрсетеді.






  0