Дычко кәсіпқой боксқа ауысу үшін америкалық компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатыр

Дычкоға америкалық бірнеше промоутерлік компаниядан ұсыныс түсіп отыр екен.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко Vesti.kz порталының тілшісіне танымал ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен кездесу туралы және кәсіпқой боксқа ауысуы жайлы айтып берді. 

- Иван, Сергей Ковалевпен қалай жолықтыңыз? Сіздің әлеуметтік желіге салған суретіңізге байланысты Қазақстанда әр-түрлі әңгіме айтылып жатыр. 

- Сергеймен кездейсоқ кездесіп қалдым. Мен Мәскеуден Челябинскіге ұшайын деп жатқанмын. Сол кезде әуежайда жолықтырдым. 

- Олимпиададан кейін әуесқой боксқа ауысамын деп айтып қалып едіңіз. Бұл туралы не дейсіз?

- Бұл мәселе екі аптаның ішінде шешіледі. Яғни, карьерамды қалай жалғастыратыным осы уақыттың ішінде анықталады. 

- Демек, сіз кәсіпқой боксқа ауысасыз ғой, иә?

- Иә. Қазір түсіп жатқан келісім-шарттарды қарастырып жатырмын. Келіссөздер жүріп жатыр. 

- Кандай компаниялардан ұсыныстар түсуде?

- Америкалық компаниялардан түсіп жатыр. 


Тег:



  0