Қанат Исламның мықтылармен жұдырықтасатын кезі келді - Стангрит

Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Қанат Исламның ары қарай не істеу керегі туралы пікір айтты.

FightSpace жобасының негізін қалаған Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Қанат Исламның ары қарай не істеу керегі туралы пікір айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол жерлесіміздің келесі қарсыласына баға берді.

Еске салайық, ақпанда Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассиспен жұдырықтасады. Жекпе-жек кіші Рой Джонстың андеркартында өтеді.

"Қанат Исламның жанкүйерлері оның мықты қарсыласпен жұдырықтасуын көргісі келеді. Деректерге көз жүгіртейікші. Қанат 32 жасқа келді, 22 жекпе-жек өткізіпті. Атыңды шығаратын үлкен жекпе-жектерге шығатын кез келді. Ал Ассистің Қанат Исламның деңгейінде емес екені анық. Ол аты белгісіз австралиялық Джефф Хорннен нокаутпен жеңілген. Жалпы үш рет нокаутқа түскен. Бұл Қанатпен жұдырықтасып тағы да нокаутқа түседі дегенді білдіреді",- дейді Стангрит.

Айта кетейік, Ассис 16 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Қанат Ислам - Робсон Ассис жекпе жегі 17 ақпанда АҚШ-та өтеді.

Тег:



  0