Андре Уорд пен Әмір Хан Джейкобстың жаттығуын қадағалады

Джейкобспен Андре Уордың бапкері де жұмыс істеп жатыр.

Атақты боксшылар Андре Уорд пен Әмір Хан Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқан Дэниэл Джейкобстың жаттығуын қадағалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Уорд Джейкобстың жаттығуына көмектесуі мүмкін деген мәлімет шыққан еді. Өйткені, қазір Дэниэлмен Андренің бапкері Вирджил Хантер жұмыс істеп жатыр.

Джейкобс бұрнағы күні жаттығу жұмыстарын Калифорния штатының Окленд қаласында орналасқан Virgil Hunter’s King’s Boxing Gym жаттығу залында өткізіп жатыр. Америкалық боксшымен Хантерден бөлек, жеке бапкері Андре Розье де жұмыс істеуде.

Hitta's #Squad  Shooter: @iamsquint

Фото опубликовано Andre Ward (@andresogward)




Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.



  0