Иван Дычко Сергей Ковалевпен кездесті

Қазақстандық боксшы жуық арада кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко Челябинксіге барып, кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген ресейлік Сергей Ковалевпен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік боксшымен түскен суретті Дычко өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына салып, "Жартылай ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалевпен", - деп жазба қалдырды.

Чемпион мира по боксу,по версиям WBA, WBO, IBF ,в полутяжелом весе Сергей Ковалёв .

Фото опубликовано Иван Дычко (@ivandychko)




Еске салайық, Ковалев өзінің чемпиондық атақтарынан 20 қараша күні Лав-Вегаста америкалық Андре Уордпен өткен жекпе-жекте айырылып қалған еді. Бұл ресейлік боксшының кәсіпқой бокстағы бірінші жеңілісі болып тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшы ұлттық құраманың жаттығу жиындарына қатыспайтыны белгілі болған. Біздің қолда бар мәліметтер бойынша, 26 жастағы боксшы жуық арада кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екен.

Тег:



  0