Алматыда үстел теннисінен халықаралық жарыс өтеді



12-ші қыркүйекте Алматы қаласындағы "Зенит" спорт орталығында Халықаралық үстел теннисінен дәстүрлі түрде өткізілетін дода өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионатына қатысу үшін Қазақстан ұлттық құрамасына спортшыларды іріктеледі. Бас құраманың мүшелері мен кандидаттары өзара сайысып қана қоймай, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан спортшылары да бақ сынасатын болады.

Ресей Федерациясының атынан Екатеринбургтен келген Урал таулы-металлургиялық компаниясының (УГМК) ойыншылары қатысады. Бұл команда өз тарихындағы 11 жылдың ішінде 4 рет Ресей чемпионы атанған болатын. 2013 жылы Еуропа кубогының жеңімпазы атанса, 2012 жылы еуропалық лига чемпиондарының күміс жүлдегері атағын алған еді. Бұған қоса, еуропалық турнирдің бірнеше дүркін жартылай финалисті.


Өзбекстанның абыройын Ташкент пен Андижан қалаларынан келген ұлттық құраманың спортшылары мен әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары қорғамақ.

Ал, еліміздің намысын ұлтық құраманың мүшелері мен көптеген сайыстардың қатысушылары әрі спорт шеберлері қорғайды.

Аталған жарыс қыркүйектің 12-нен 15-не дейінгі аралықта өтеді.


  0