Қазақстанда халықаралық Олимпиада күні атап өтіледі

Олимпиада күніндегі бағдарламалар тізбегі бокс, джиу-джитсу, зумба, йога, кросс-фиттен өтетін шеберлік сағаттарымен аяқталады.

23 маусым, жексенбі күні Қазақстанда Халықаралық Олимпиада күні тойланады. Біздің еліміз бұл мерекені 26-шы рет атап өткелі отыр. Бұл күні еліміздің қалаларында бұқаралық-спорттық іс-шаралар өтеді. Қазақстан астанасындағы мерекелік бағдарлама 09.00-де басталады. Негізгі бағдарлама Орталық мәдениет және демалыс бағында ұйымдастырылмақ, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мерекелік бағдарлама аясында жетінші дан иегері, жекпе-жек өнерінің шебері Ониси Нобукадзудың шеберлік сабағы өтеді. Сондай-ақ, Fitness Park Astana командасының нұсқаушылары жалпыға арналған жеңіл дене шынықтыру сағатын жоспарлап отыр.

Олимпиада күніндегі бағдарламалар тізбегі бокс, джиу-джитсу, зумба, йога, кросс-фиттен өтетін шеберлік сағаттарымен аяқталады.

Алматыда бұл күні арнайы веложарыс ұйымдастырылады. Жарыс таңғы сағат 9.00-де Торайғыров және Сайын көшелерінің қиылысында бастау алады. Қатысушылар арнайы веложолақта жарысып, Орталық стадион маңында жеңімпаз анықталады.

Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті 1948 жылы Санкт-Морицеде өткен ХОК-тың 42-ші сессиясында 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күнін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл күннің таңдалуы де бекер емес. 1894 жылдың 23 маусымында ХОК құрылған болатын. Дәл сол күні олимпиадалық қозғалыстың негізін салушы, барон Пьер де Кубертен халықаралық атлетикалық конгресс алдында тарихи баяндама жасады. Мерекені тойлау барысында Қазақстан қалаларында жыл сайын спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.



  0