Айдова Олимпиадада 1000 метр қашықтықта жүлдеге іліге алмады

Бұған дейін отандасымыз 1500 шақырымда сынға түсіп 18-орын алған еді.

Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова Оңтүстік Кореяның Пхенчан қаласында 1000 метр қашықтыққа бағын сынап, үздікердің қатарынан көріне алмады. 

26 жастағы спортшыныз 1:17.09 уақытпен 24 ғана нәтижені көрсетті. Бұл сында голландиядық Йорин тер Морс (1:13.56) Олимпиада ойындарының рекордтын жаңартып, алтын жүлдені жеңіп алды. 

Екінші орынға жапон қызы Нао Кодайра (1:13.82) жайғасса, үшінші орынға тағы бір жапон қызы Мико Такаги (1:13.98) орналасқты. 

Айта кетейік, бұл Айдованың Олимпиададағы екінші жарысы еді. Бұған дейін отандасымыз 1500 шақырымда сынға түсіп, 1:59.05 уақытпен 18-орын алған еді. 

Енді Айдова 500 метр қашықтыққа сайыста бағын сынайды. 


  0