Шаңғышы Анна Шевченко Олимпиаданың финалдық кезеңіне өтпеді

Осылайша отандасымыз Олимпиададағы жарысын аяқтады.

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Пхенчхандағы Олимпиадада классикалық әдіспен спринттік кезеңде финалға шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ширек финалда ол 3 минут 23,56 секунд уақыт көрсетіп бірінші алтылықта соңғы орын алды. Осылайша ол Олимпиададағы жарысын аяқтады. 

Іріктеу кезеңінде 3 минут 23,27 секундта жүріп өтіп, 27-орыннан көрінді. Жарыс жолына барлығы 67 спортшы шыққан. Оның 30-ы ширек финалға жолдама алды. 

Сонымен қатар шаңғы спортынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Полтаранин 13-орын алып, финалға шықты. 









  0