Алексей Полторанин спринттік сайыста ширек финалға жолдама алды

Осыған дейін әйелдер арасында Анна Шевченко ширек финалға шыққан еді.

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында классикалық спринттік сайыста ширек финалға шықты.

Спринттік кезең қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 14.43 секундта жүріп өтті. Нәтижесінде 13-орынмен ширек финалға шықты.

Ерлер арасындағы спринттік жарысқа 80 спортшы қатысты. Қазақстандық екінші бір спортшы Денис Волотка 3 минут 22,52 секунд нәтижесімен 52-орыннан көрінді. Нәтижесінде ширек финалға шыға алмады.

Айта кетейік, осыған дейін Анна Шевченко ширек финалға шыққан еді. Әйелдер арасындағы 1/4 финалдағы жарыстар Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. 


  0