Қазақстандық шаңғышы ширек финалға шықты

Ширек финалдағы спринттік сайыс Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Пхенчхандағы Олимпиадада классикалық әдіспен спринттік кезеңде ширек финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Спринттік кезең қашықтығын қазақстандық шаңғышы 3 минут 23,27 секундта жүріп өтіп, 27-орыннан көрінді. Жарыс жолына барлығы 67 спортшы шыққан. Оның 30-ы ширек финалға жолдама алды.

Қазақстандық өзге шаңғышылар Елена Коломина 55-ші, ал Валерия Тюленева 60-орыннан көрініп, жарысты аяқтады.

Ширек финалдағы спринттік сайыс Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.


  0