Қазақстан құрамасының бапкері могулдағы әділетсіздікке налыды

Калмаков жүлдеге жақын болған еді.

Фристайлдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Виктор Лемешко Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы Олимпиадада қазақстандық могулшы Павел Колмаков әділетсіз баға кесірінен жүлдеге таласа алмағанын айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өкініштісі Юлия Галышева ғана жақсы өнер көрсеті. Дима Рейхардтың жолы болмады... Төрешілер бірінші күні-ақ... Бізге өзге елдер баға береді. Сондықтан Дима өнер көрсетерде оны алтыншы-жетінші етіп, ортасына қойды, өйткені оның көрсеткіштері жоғары болатын. Адамды алтылыққа кіргізгісі келмейтіні осыдан-ақ көрініп тұр. Ал алтылыққа кіру үшін айқын басымдық таныту керек. Осы... Жылдамдықты асырып алып, болмай қалды. Сондықтан қолымыздан келгенін жасадық.



Павел Колмаков жақсы өнер көрсетті. Өзін ересек спортшы ретінде танытты. Онымен де жағдай осындай болды. алтыншы етіп қойған спортшының орнында Павел болу керек болатын. Рас. Өйткені ол спортшы көп қате жасады. Павел одан жақсы келген. Бірақ канадалық болғаны үшін бағасын көтерді. Финалға өздерінің адамын өткізеді. Финалға екі-үш адамы жетсе, әйтеу біреуі жүлдеге қол жеткізеді. Жапондарда солай болды, біріншісі шығып қалды, екіншісі де, үшіншісі жетті. Алтылыққа жібермеу де осындай амал. Біржақты пікір бар. Олар Юляны финалға жіберді, сондықтан жүлде бар. Осыдан кейін бірден сақтана бастады. Павелді жебрсе, алтылықта болса, жүлдеге таласар еді. Көбі ұшып кетті. Үшінші орын алған спортшының деңгейі өте төмен болды", - дейді Лемешко.



Еске салайық, Павел Колмаков могулда жетінші орын иеленді, ал Дмитрий Рейхерд - сегізінші. Осылайша, олар алты қатысушы іріктелетін финалға өте алмады да, жүлде үшін жарысты аяқтады.


  0