Қазақстан құрамасы еуропалық іріктеу арқылы ешқашан ірі турнирлерге қатыса алмайды - Георгий Черданцев

Ресейлік комментатор Қазақстан құрамасының болашағы туралы пікір білдірді.

Ресейлік "Матч ТВ" арнасының комментаторы Георгий Черданцев Vesti.kz порталына Александр Бородюктің Қазақстан құрамасының бас бапкері болғаны жайлы жалпы Қазақстан футбол туралы пікірімен бөлісті. 

"Мен ойымша - бұл жақсы таңдау. Біріншіден, ол орыс тілді маман. Футболшылардың көбісі және тілшілер онымен аудармашысыз тікелей сөйлесе алады. Бородюк жалпы тәжірибелі маман. Ресей құрамасының бапкері қызметін атқарған. Сондықтан да бұл орынға үйрену үшін оған уақыттың қажеті жоқ. Оның командаларының барлығы да жақсы ойнайтын. Сондықтан да қазақ жанкүйерлерін қуантады деген ойдамын", - дейді Черданцев. 

- Қалай ойлайсыз, Бородюктің бастамасымен Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы орыннан жоғары көтеріле алады ма?

- Шынымды айтсам, бұл сұраққа жауап беру қиын. Бұл жерде барлығы тек бапкерге ғана байланысты емес. Футболшыларға да көп нәрсе байланысты. Сосын соңғы орын алмау деген не мақсат ол? Менің ойымша, бірінші сіздердің құрамаларыңызға жақсы ойын қойып алу керек. Сосын келер Еуропа біріншілігінің іріктеуіне жоғары тапсырма қоятын едіңіздер. Қазақстан құрамасы Еуропалық іріктеу арқылы ешқашан үлкен турнирлерге қатыса алмайды. Қазақстанның Еуропаға өткені спорттық емес, саяси жағдай екенін жақсы түсінемін. Бірақ Қазақстанның футболын дамыту үшін Азияға қайта оралғандарыңыз дұрыс болар деп ойлаймын. Сырт алаңда ойнағанда, тек ұшақтың өзінен қанша ақша үнемдеп қалуға болады. Оның үстіне Азиядағы іріктеу де оңайырақ болар едіү 





  0