Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының қарсыласы бас бапкерін қызметінен босатты

Латвия құрамасы соңғы кездесунде Гибралтардан ұтылды.

Латвия футбол федерациясы (LFF) өзінің ресми сайтында құраманың бас бапкері Александр Старков қызметінен босатқанын хабарлады. 

Шешім сейсенбі күні Латвия футбол федерациясының кезектен тыс отырысында қабылданған. Бұл жиын барысында Старков есеп берген болатын. 

Бұл бапкердің қызметінен кетуін федерацияның алты мүшесі қолдаған. Ал тағы үш адам қарсы болыпы. LFF кезектен тыс отырысы 6-сәуір күні өтеді. Осы жиында құраманың жаңа бас бапкерінің есімі жарияланады. 

Соңғы 13 кездесуде Латвия құрамасы бір рет жеңіске жетіп, екі рет тең ойнап, қалған кездесулердің барлығында жеңіліп қалды. Соңғы кездесуін бұл құрама Гибралтармен өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, 62 жастағы Старков Латвия құрамасының тізгінін 2017 жылдың сәуір айында ұстаған болатын. Ол сондай-ақ құрама тізгінін 2007 және 2013, 2001 және 2004 жылдары басқарған. Бұл маман команданы 2004 жылы Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне алып шыққан. 

Еске салайық, Латвия құрамасы Грузия және Андорра секілді Ұлттыр лигасы турнирінде Станимир Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасының қарсыласы. 




  0