Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан құрамасының бапкерлері қатарына қосылуы мүмкін

Футболшы жуырда карьерасын аяқтаған еді.

Жуырда ғана карьерасын аяқтаған футболшы Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері қатарына қосылуы мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. 

Қазір Қайрат Нұрдәулетов бапкерліктің оқуын оқып жатыр екен. Жуық арада ол Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан құрамасының бапкерлері қатарына қосылады екен. 

Нұрдәулетовтың өзі берген сұхбатында, спорттық карьерасын аяқтағанымен, футболдан алшақтамайтынын айтқан еді.






  0