Қазақстан мен Черногория арасындағы кездесу Астанада өтеді

Кездесу 1 қыркүйек күні елордадағы "Астана Арена" стадионында өтеді.

Футболдан 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Черногория ұлттық құрамалары арасындағы матч 1 қыркүейк күні "Астана Арена" стадионында өтеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлайды. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Польша (2:2) және Румыния (0:0) құрамаларын елордада қабылдады. Ал, Дания құрамасымен (1:3) ойын Алматының Орталық стадионында өткен еді.

Матчты "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.




  0