"ОҢ-ТВ" арнасы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының көрсету құқығын басқа арнаға бергенін растады

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының көрсету құқығы "Қазақстан» РТРК" холдингіне өтуі мүмкін.

"ОҢ-ТВ" арнасы Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының Қазақстан аймағында көрсету құқығын басқа республикалық арнаға бергенін растады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

""ОҢ-ТВ" арнасы бағдарламалар мен спорттық таратылымдарға байланысты өзгерістер енгізіп жатыр. Бағдарламалардағы өзгерістер 1 наурзадан басталады. Жаңа көрсетілім концепциясына байланысты, футбол жанкүйерлері зардабын шегіп қалмау үшін "ОҢ-ТВ" арнасы Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және УЕФА Суперкуобгының Қазақстан аймағында көрсетілім құқығын республикалық басқа бір арнаға беріп отыр. Қазіргі таңда келіссөздер соңына таяп қалды", - телеарнаның таратқан ресми хатында. 

Бұған дейін Қазақстан аумағында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының көрсету құқығын "ОҢ-ТВ" арнасы "Қазақстан" мен KazSport арналары кіретін "Қазақстан» РТРК" холдингіне береді деген мәлімет шыққан еді. 

Айта кетейік, "ОҢ-ТВ" арнасы Чемпиндар лигасы мен Еуропа лигасын 2015 жылдың тамызынан бері көрсетіп келеді. 


  0