Месси "Барселона" басшыларына үш футболшыны сатып жіберуді талап етіп отыр

Егер клуб бұл талапты орындамаса, Месси келісімшартты ұзартпайды-мыс.

Каталониялық "Барселона" клубының шабуылшысы Лионель Месси клуб басшыларына Люк Динь, Жереми Матье және Андре Гомешті сатып жіберуді талап етіп оты. Бұл туралы DonBalon басылымы хабарлайды. 

Егер клуб басшылары Мессидің бұл талабын орындамаса, шабуылшы келісімшартты ұзартудан бас тартады екен. Өйткені, бұл үш футболшы клубтың стильіне сай келмейді-мыс. 

Айта кетейік, Динь мен Гомеш "Барселона" сапына 2016 жылдың жазында келіп қосылған еді. Ал Матье болса каталониялық клуб сапында 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 

Мессидің 2018 жылдың жазына дейін "Барселонамен" келісімшарты бар. Каталониялық клуб 29 жастағы аргентиналық шабуылшыға жаңа келісімшарт ұсынып отыр. Бірақ ол әлі нақты жауабын берген жоқ. Егер Месси клубтың жаңа келісімшартын қабылдайтын болса, онда әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшы атанады екен.


  0