Лионель Месси әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшылар тізімінде көш бастады

Жозе Моуринью ең көп жалақы алатын бапкер атанды.

France Football әлемнің ең бай футболшылары мен бапкерлерінің тізімін жариялады.

Порталдың рейтингінде ең бай футболшылар тізімін "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси бастады. Аргентиналық ойыншы жылына 126 млн еуро табыс табатын болып шықты.

Екінші орында "Реал" ойыншысы Криштиану Роналду. Оның жылдық табысы 94 млн еуро. Үздік үштік қатарына жылына 81,5 млн еуро табатын ПСЖ шабуылшысы Неймар енді.

Ең жоғарғы табыс табатын бапкер "Манчестер Юнайтед" тізгінін ұстап жүрген Жозе Моуринью атанды. Ол жылына 26 млн еуро таза табыс табады екен. Қытайда жүрген Марчелло Липпи 23 млн еуро көлеміндегі жылдық табысымен екінші орында. 22 млн еуро табыспен "Атлетико" бапкері Диего Симеоне үздік үштік қатарында.


  0