Роналду ешқашан Мессидің деңгейіне жете алмайды - бапкер

Роналду ешқашан Мессидің деңгейіне жете алмайды - бапкер

Танымал португалиялық футбол агенті Паулу Барбоза отандасы Роналду Мессидің деңгейіне жете алмайды деп есептейді. 

— Сіз Роналду мен Мессидің қайсысын үздік санайсыз?

— Мен бұл сұраққа ойланбастан Месси деп жауап беремін. Роналду ешқашан Мессидің деңгейіне жете алмайды. Месси өзге деңгейдегі ойыншы. Алдағы жүз жылда аргентиналық ойыншымен теңесе алатын футболшы көруіміз екіталай.

— Футбол тұрғысынан келгенде Месси Роналдудан несімен озық тұр?

— Месси әмбебап ойыншы, шығармашылыққа жақын. Енді бір секундтан кейін оның не істейтінін ойлап табу мүмкін емес. Сонымен қатар ол командалық ойыншы.

— Роналдудың аргентиналықтан артық тұстары жоқ дегіңіз келе ме?

— Тек баспен ойнау тұрғысынан Мессиден мықты болар. Расына келсек Роналду Мессимен салыстырғанда әлдеқайда биік. Дегенмен менің отандасымның секірісіне қайран қалам. Ал өзге жағынан...Әңгіме тұрақтылықта. Месси әр ойында өзінің жоғарғы деңгейлі ойыншы екенін көрсетеді. Роналду туралы олай айта алмайсың.


  0