"Милан" Дженнаро Гаттузомен келісімшартты ұзартты

Бапкер "Милан" тізгінін 2017 жылдың қараша айында ұстаған еді.

Италияның "Милан" клубы бапкер Дженнаро Гаттузомен келісімшартты ұзартты. Жаңа келісім бойынша қырық жастағы маман командада 2021 жылдың жазына дейін қалады, деп хабарлайды клубтың ресми айты. 

"Маған берілген бұл мүмкіндік үшін алғыс айтамын. "Милан" сияқты клубта жұмыс жасау маған ләззат сыйлайды. Сенім артқан барлық адамдарға алғыс білдіремін. Жақын арада "Милан" клубын жоғарғы орынға шығаратынымызға сенемін", — деді Гаттузо.

Еске салайық, Гаттузо "Милан тізгінін 2017 жылдың қараша айында команданың бұрынғы бас бапкері Винченцо Монтелланың қызметінен босатылған соң келген еді. Гаттузоның бастамасымен "Милан" Италия біріншілігінің 30 турынан кейін 51 ұпаймен алтыншы орында тұр. 



  0