"Лацио" шабуылшысы 95-минутта командасын жеңілістен құтқарды

Иммобиле 24 голмен Италия біріншілігінің үздік сұрмергені.

"Лацио" клубының шабуылшысы Чиро Иммобиле Италия біріншілігінде 28-турында "Кальяримен" өткен кездесуде әдемі гол соғып, командасына тең нәтижені алып берді. 

Римдік клуб түзде өткен бұл ойында 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Кездесудің 95-минутында Иммобиле есепті теңестіріп кетті. Шабуылшы допты әуеде қабылдап, өкшесімен қақпаға туралып жіберді. 

Бұл Иммобиленің биылғы маусымдағы 24-ші голы. Қазір Италия біріншілің үздік сұрмергені. 

Ал "Лацио" болса турнир кестесінде төртінші орында тұрса, "Кальяри" 14-орынға жайғасқан. 








  0