Криштиану Роналдумен "байланысы бар" деген кикбоксшы екі жылға сотталды

Бадр Хариді екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Гаага соты марокколық кикбоксшы Бадр Хариді екі жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды 101greatgoals.com. Спортшы жарты жылын түрмеде өткізеді, ал қалған мерзімін шартты түрде өтейді.

2012 жылы кикбоксшы бизнесмен Коэн Эверинкке шабуыл жасап, оның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Одан кейін Хари белгісіз адамның басынан гүл құмырасымен ұрған. Оқиға Амстердамда болған, марокколық спортшы Голландияның да азаматы болып келетінін айта кету керек.

2015 жылдың желтоқсанында ұлыбританиялық Mirror газеті мадридтік "Реал" мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду гомосексуалист болуы мүмкін деп жазған. Португалиялық ойыншының Мароккодағы Бадр Хариге жиі баруы осындай күдікке себеп болған еді.


  0