Роналдудың 2016 жылғы табысы Мессидікінен асып түсті

Өткен жылы Роналду 88 миллион табыс тауыпты.

Жұрттың тиын-тебенін санамалап отыратын әйгілі Forbes журналы 2016 жылы пайдаға ең көп кенелген 10 спортшының тізімін жариялады. Оның қорытындысы бойынша мадридтік "Реал" футболшысы Криштиану Роналду көш бастады, деп жазады Vesti.kz.

2016 жылы Криштиану Роналду жалпы 88 миллион доллар пайдаға кенеліпті. Шабуылшы оның 56 миллион долларын клубтан айлық ретінде алса, 32 миллион долларды жарнамадан түсірген. 

Тізімнің екінші сатысында каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси тұр. Аргентиналық аяқдопшының 2016 жылғы табысы 81,4 миллион долларға тең. Бұл сомманың 53,4 миллионын Месси айлығынан тапса, 28 миллион доллар жарнамадан келген. 

Үздік үштікті баскетболдан "Кливленд" командасының намысын қорғайтын Леброн Джеймс қорытындылап тұр. Оның өткен жылғы табысы 77,2 миллион доллар (23,2+54). 

2016 жылғы ең табысты спортшылардың тізімі

1. Криштиану Роналду (88 миллион. 56+32)
2. Лионель Месси (81,4 миллион. 53,4+28)
3. Леброн Джеймас (77,2 миллион. 23,2+54)
4. Роджер Федерер (67.8 миллион. 7.8+60)
5. Кевин Дюрант (56.2 миллион. 20.2+36)
6. Новак Джококич (55.8 миллион. 21.8+34





  0