1995 жылы "Алтын допты" жеңіп алған футболшы Либерия президенті атанды

Веа карьеарсында "Челси", "ПСЖ" және "Милан" секілді клубтарда ойнаған.

1995 эылы Еуропаның үздік футболшысы атанып, "Алтын допты" жеңіп алған Джордж Веа Либерия президенті атанды. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы National Accord басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Либерияда президен сайлауы сейсенбі күні өтті. Халықаралық бақылаушылардың айтуынша, кейбір аймақтарда дауыс беру шамалы кеш басталғанымен, жалпы сайлау жақсы өткен. Бүкіл ел бойынша 2,1 миллион адам сайлауға қатысқан. Оның қорытындысы бойынша, 51 жастағы Веа елдің қазіргі вице-президенті Джозеф Бокайды басып озған. 

Веа елдің президенті қызметінде 2011 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Элен Джонсон-Серлифс орнын басады. Ол елбі бұған дейін 12 жыл басқарған. 

Веа 2005 жылы да Либерия президентіне үміткер болған. Ол кезде сайлаудың қорытындысы бойынша Веа екінші орын алып қалды. 

Айта кетейік,Веа 1985 жыл мнг 2003 жылы аралығында кәсіпқой футболшы болып, Африкаға құрылығынан шыққан ең танымал шабуылшылардың бірі болды. Ол франциялық "Монако", "ПСЖ" және "Маресль" ағылшындық "Челси" және "Манчестер Сити" италиялық "Милан" клубтарының намысын қорғаған. Веа футбол тарихында құрамасы әлем чемпионатында топ жармаса да, "Алтын доп" жеңіп алған футболшы. 

Өз карьерасында Веа Франция және Италия (екі рет) чемпионы атанса, үш рет Франция кубогын және Англия кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар 1995 жылы "Алтын допты" және үш рет Африканың үздік футболшысы атанды. 






  0