Франция Еуропа біріншілігінен 1,2 миллиард еуро пайда түсіріпті

Еурпа біріншілігін өткізу үшін Францияның экономикасынан 200 миллион еуро жұмсалған екен.

2016 жылғы футболдан Еуропа біріншілігін қабылдаған Франция футбол тойынан 1,2  миллиард еуро көлемінде пайда түсіріпті. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлап отыр. 

Лимож университетінің Спорт құқығы және экономикасы орталығы мен KENEO агенттігі бірлесе жүргізген зерттеулер барысында Еуропа чемпионаты кезінде Франция экономикасына 1,22 миллард еуро кіріс кірген. 

"Еуропа біріншілігін өткізу, елдің экономикасына да оң пайда тигізеді. Мұны бізге Франция тағы бір дәлелдеп берді. Сондай-ақ бұл Еуропа біріншілігінде жанкүйерлер командасын қолдау үшін кез-келген жерге баруға дайын екенін көрсетті", - дейді UEFA Events компаниясы мен Францияда өткен турнирдің директоры Мартин Каллен. 

ХХIII рет өтен Еуропа чемпионатына 24 команда қатысып, турнир кезінде Франция қалаларында әрбір құраманың ойыншылары, бапкерлері, әр түрлі саладағы қызмет көрсетушілері, әр елдің ресми тұлғалары, сондай-ақ 613 мың көрермен мейман болған болатын.

Шет елдік қонақтар Францияда кемінде 7-9 күн болыпты. Орташа есеппен олар күніне 154 еуродан жаратқан екен. Жалпы Еуро-2016 турнирін тамашалауға келген қонақтар Францияда 625,8 миллон еуро қалдырыпты. 

Бұл турнир экономикалық тұрғыдан та Франция үшін тиімді болған. Футбол тойын өткізуге Францияның экономикасынан 200 миллион еуро жұмсалған. Оның барлығы да өтелген. EURO 2016 SAS президенті Жак Ламбердің айтуынша, турнир кезіндегі кіріс шығыстан асып түскен. 

"Мұндай ірі турнирді өткізу кезінде шығыс та көп болады. Бірақ түбінде ұйымдастырып жатқан ел бұл шығыннан барлығын өтейді. Франция да турнирді өткізіп, еш ұтылған жоқ. Халықаралық деңгейдегі бәселерді өткізу елдің экономикалық жағынан да өсуіне әсер етеді", - дейді Ламбер. 





  0