Роналду "Реал" жанкүйерлерінің шамына тиді

Ойын барысында португалиялық ойыншы доптан айырылып қалған, осы кезде жанкүйерлер ысқырып, мазақтай бастаған.

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду Испания чемпионатының 20-шы туры аясында "Реал Сосьедад" командасына қарсы өткен ойында өзіне ұнамаған жанкүйерлерді балағаттады. Бұл туралы Sport.es порталы хабарлайды.

Ойын барысында португалиялық ойыншы доптан айырылып қалған, осы кезде жанкүйерлер ысқырып, оны мазақтай бастаған. Жауап ретінде шабуылшы испан тілінде "иттің балалары" - деп ашуға булыққан.

Айта кетейік, "Сантьяго Бернабеу" стадионында өткен бұл матч 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Ал Роналду болса кездесудегі екінші голдың авторы атанды. 

31 жастағы Криштиану Роналду "Реал" сапында биыл Испания біріншілігінің 25 ойынына қатысып, 20 гол соққан. 




  0