Кабананга Африка ұлттары кубогының символикалық құрамына қосылды

Кабанангадан бөлек Конго құрамасы сапынан бұл тізімге Иссама Мпеко және Шансель Мбемба іліккен.

"Астана" клубы мен Конго Демократиялық Республикасының шабуылшысы Жуниор Кабананга Африка ұлттары кубогының топтық кезеңдегі он бір үздік футболшының қатарына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz

Еске салайық, топтық кезеңдегі үші ойын барысында Кабананга үш гол соғып, әріптестеріне бір нәтижелі пас берген. Осылайша шабуылшы қазір сұрмергендер тізімінде жеке-дара көш бастап тұр. 

Кабанангадан бөлек Конго құрамасы сапынан бұл тізімге Иссама Мпеко және Шансель Мбемба іліккен. 



Айта кетейік, Африка ұлттары кубогының топтық кезеңінде Конго құрамасы 7 ұпай жинап, бірінші орынмен шықты. Енді ширек финалда бұл құрама Ганамен жолығады. 



  0