Кабананганың командасы ширек финалда жолығатын қарсыласын анықтады



Габон елінде өтіп жатқан Африка ұлттары кубогының ширек финалына шыққан барлық құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Елордалық "Астана" клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга өнер көрсететін Конго Демократиялық Республикасы турнирдің ширек финалында Гана құрамасымен кездесетін болды.Ойын 29 қаңтар күні өтеді. Бұл күні Мысыр құрамасы мен Марокко құрамасы да жартылай финалдың жолдамасына таласады. 

Ал ширек финалдық тағы екі кездесуі 28 қаңтарға жооспарланған. Бұл ойын күні Буркина-Фасо мен Тунис және Сенегал мен Камерун құрамалары кездеседі. 

Айта кетейік, Конго құрамасы Африка ұлттары кубогының плей-офф кезеңіне өз тобынан бірінші орын алып шыққан болатын. Кабананга болса топтық кезеңдегі үш ойында үш гол соғып, әзірше турнирдің үздік сұрмергені атанып тұр. 









  0