Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Тунистен жеңіліп қалды

Ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды.

Шағын футболдан Тунисте өтіп жатқан әуесқойлар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 1/8 финалда турнир қожайындарынан жеңіліп қалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Қазақстан мен Тунис арасындағы кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Ал пенальтилер сериясында біздің құрама 3:4 есебімен жеңіліп қалды. Енді турнир қожайындары Тунис құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасымен кездеседі. Олар өз кезегінде Мексика құрамасын 4:3 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы жайғасқан топта бірінші орын алған Румыния құрамасы Сенегал құрамасынан пенальти бойынша 1:3 (негізгі уақыт 2:2) есебімен жеңіліп қалды. 

Еске салайық, әлем біріншілігің топтық кезеңінің бірінші матчында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Кейін біздің құрама Кот-д’Ивуар құрамасын 4:2 есебімен жеңді.




  0