Қазақстан құрамасы Гватемала қақпасына жеті гол соғып, әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шықты

Келесі кезеңде Қазақстан құрамасы Туниспен кездеседі.

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Тунис жерінде өтіп жатқан әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Гватемала құрамасын жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. 

Гватемалаға қарсы өткен ойын 7:1 есебімен аяқталды. Бірақ біздің құрама бірінші болып гол жіберіп алған еді. 

Қазақстан құрамасы "Е" тобында екінші орын алды. Бірінші орынды 9 ұпай жинаған Румыния құрамасы еншіледі. 

1/8 финалжан Қазақстан құрамасы турнирді қабылдап жатқан Тунис құрамасымен кездесеті. Ойын 12 қазан күні өтеді. Ал плей-офф кезеңінің басқа жұптарында Румыния - Сенегал, Испания - Чили, Мексика - АҚШ, Ресей - Франция, Венгрия - Ливия, Австралия - Босния және Герцеговина, Чехия - Бразилия құрамалары кездеседі. 

Еске салайық, әлем біріншілігің топтық кезеңінің бірінші матчында Қазақстан құрамасы Румыниямен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Кейін біздің құрама Кот-д’Ивуар құрамасын 4:2 есебімен жеңді. 






  0