"Қайрат" УЕФА кубогын жеңіспен бастады

Алматылық клуб келесі кездесуін мәскеулік "Динамо" клубымен кездесу өткізеді.

Футзалдан алматылық "Қайрат" Минскіде өтіп жатқан УЕФА кубогының негізгі кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Қайрат" өзінің бірінші кездесуінде италиялық "Пескара" клубымен кездесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті. 

Бірінші таймның қорытындысы бойынша, біздің команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Біздің команданың сапынан Жуниор Дуглас гол соқса, италиялық клуб сапында Леандро Куццолино айып добынан гол соқты. 

Екінші таймда "Қайрат" тағы да үш гол соқты. Тарқатып айтсақ, 26-минутта Дрот, 27-минутта Алешандре Мораес және 33-минутта қақпашымыз Игита голмен көзге түсті. 

Айта кетейік, "Қайрат" пен "Пескара" бұл топтық фовариттері. Ал әр топтан екі үздік команда Элиталы кезеңге шығады. 

"Қайрат" өзінің келесі кездесуін 12 қазан күні өткізеді. Қарсылас мәскеулік "Динамо" клубы. Содан соң біздің команда 14 қазан күні минскілік "Столица" клубымен кездесу өткізеді. 








  0