Бүгін "Қайраттың" футзалдан Чемпиондар лигасындағы бірінші матчі

Ойынның тікелей трансляциясы көрсетіледі.

Бүгін, 8 қазан футзалдан алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кака жаттықтыратын команданың бірінші қарсыласы ресейлік КПРФ. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 19:45. Матчті "Ер Арна" тікелей эфирде көрсетеді.

Чемпиондар лигасының футзалдан негізгі кезеңіндегі матчтер Мажарстанның Береттьоуйфалу қаласында қазанның 8 мен 13 аралығы өтеді. 

КПРФ командасынан бөлек "Қайратпен" бір топқа Испанияның вице-чемпионы "Эль-Посо" мен Мажарстан чемпионы "Береттьоуйфалу" клубтары бар. 

Трансляциялар кестесі:

9 қазан, 19:45
"Эль-Посо" - "Қайрат"

11 қазан, 20:00
"Береттьоуйфалу" - "Қайрат"


  0