Футзалдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншылары шетелдік клубқа ауысты

Бұл команда ел чемпионы.

Еуро-2016 турнирінің күміс жүлдегерлері Михаил Першин мен Павел Таку, сондай-ақ, 2018 жылғы студенттер арасындағы әлем чемпионаты финалистері Ағеділ Мадияров пен Владислав Черномордов қырғызстандық Erem клубының сапына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Төрт ойыншы да қарағандылық футзал мектебінің түлегі. Першин бірнеше жыл "Қайрат" сапында ойнады, ал өткен маусымда "Оқжетпесте" өнер көрсетті. Мадияров пен Черномордов былтырғы студенттер арасындағы әлем чемпионатынан кейін "Ақтөбе" мен "Қайратта" ойнады. Алайда клубтар жас ойыншылармен келісімшартты ұзартпады. Таку Першинмен бірге "Оқжетпесте" өнер көрсетті, ал оған дейін "Тұлпар" мен "Ақтөбеде" ойнады.

Айта кетейік, Erem 2016 жылы құрылды және Қырғызстанның қазіргі чемпионы. Жақында өткен маусым алды турнирде команда Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері "Жетісуды" ұтқан, ал Таку бұл матчта голмен көзге түсті. 


  0