Месси "Реалдың" "Барселонадан" үстем екенін мойындады

Чемпиондар лигасының ширек финалында "Барселона" бірінші ойында "Романы 4:1 есебімен жеңіп, қонақта өткізген ойында 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси өз командасының басты қарсыласы мадридтік "Реал" туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Sport.es.

"Бізде және "Реалда" позицияларына қарайтын болсақ әлемнің ең мықты футболшылары ойнайды. Бірақ Мадридте өздеріне тән артықшылықтары бар. Нашар ойын көрсетіп жатса да олар нәтиже шығара біледі. Ал біз жеңіске жету үшін қарсылас командадан екі-үш есе асып түсуіміз керек. Чемпиондар лигасында біз өзіміз құрттық: бірінші ойынның нәтижесі бойынша жақсы мүмкіндікке ие бола тұра, жартылай финалға шыға алмадық. Біз бір табан жақын болған едік", - деді Месси. 

Сонымен қатар, ол таяуда Лионель Месси футбол тарихында ең үздік футболшы атағы үшін "Реал" шабуылшысы Криштиану Роналдумен таласып жүр деген пікірге қатысты өз ойын айтты.

"Мен футбол тарихында ең үздік футболшы атануды немесе екінші, үшінші және төртінші болуды мақсат тұтпаймын. Әлемнің ең үздік футболшысы деген атақ ештеңені өзгертпейді. Әрқашан мен маусым басталғанда өзімді жақсартуға, барлық жетістіктерге жетуге, футбол алаңында барымды салуға және командадағы өз әріптестеріме барынша көмектесуге тырысамын. "Өзімді әбден жетілдіруге және жеңіске жету үшін футбол ойнаймын", - дейді Месси. 


Айта кетейік, Чемпиондар лигасының ширек финалында "Барселона" бірінші ойында "Романы 4:1 есебімен жеңіп, қонақта өткізген ойында 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша олар жарыстан шығып қалды. 

"Реал" болса"Чемпиондар лигасының финалына шықты. 26 мамырда олар ағылшынның "Ливерпуль" командасымен ойнайды. 


  0