"Реал" бірінші болып Чемпиондар лигасында 150 кездесуде жеңіске жетті

Сондай-ақ мадридтік клуб "Баварияны" алтыншы рет жеңді.

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасы жартылай финалының бірінші кездесуінде "Баварияны" (2:1) жеңгеннен кейін екі бірдей керемет нәтижеге қол жеткізді. 

"Реал" бұл турнирде "Бавария" клубының алты ойында жеңген бірінші команда атанды. Бұл алты ойында мадридтік команда "Бавария" қақпасына 15 гол соқса, өз қақпаларына 5 гол жіберді. 

"Реалдың" мюнхэндік клубқа қарсы жеңістер сериясы 2011/12 маусымда басталды. Ол кезде "карольдік клуб" (2:1) есебімен жеңіске жеткен. Кейін 2013/14 маусымда 1:0 және 4:0 есебімен жеңсе, 2016/17 маусымда 2:1 және 4:2 есептерімен жеңіс тойын тойлады. 

Сонымен қатар "Реал" Чемпиондар лигасында 150 кездесуде жеңіске жеткен бірінші команда атанды. Сондай-ақ Зиданның командасы барлық турнирлерде жеңіске жету көрсеткіші бойынша "Барселона" орнатқан рекордты жаңартты. Қазір "Реалдың" еншісінде 306 жеңіс бар. 






  0