"Ювентустің" негізгі орталық қорғаушысы "Реалға" қарсы кездесуге қатыспайды

Қорғаушы СПАЛ клубына қарсы ойында жарақат алды.

Туриндік "Ювентустің" негізгі орталық қорғаушысы Джорджо Кьеллини Чемпиондар лигасындағы "Реалға" қарсы кездесуге қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Tuttosport порталы. 

Италия біріншілігінің соңғы турында СПАЛ (0:0) клубына қарсы өткен кездесуде Кьеллині сіңірін созып, 81-минутта алаңнан кеткен болатын. Кейіннен 33 жастағы қорғаушының жарақаты әу баста болдағаннан да ауып болып шықты. 

Әзірге Кьеллинидің Италия құрамасының 23 және 27 наурыз күндері Аргентина мен Англия құрамасына қарсы өтетін кездесуге қатыспайтыны белгілі. Оның орнына құрамаға Анджелло Огбонна шақырту алды. 

Кьеллини клубтың ойындарға да емделіп үлгермейтін шығар. Ал Чемпиондар лигасындағы "Реалға" қарсы кездесу 3-сәуірге белгіленген. 









  0