Неге мен әр ойын сайын өзімнің кім екенімді дәлелдеуім керек? - Криштиану Роналду

Португалиялық футболшы "Реал" үшін 400-ші ойынға қатысып, екі голдың авторы атанды.

"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші айналымында "Боруссиямен" өткен ойыннын кейін, өзінің спорттық мансабындағы салған голдарын есептемейтінін айтты, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

"Неге мен әр ойын сайын өзімнің кім екенімді дәлелдеуім керек? Жанкүйерлердің мен туралы пікірі таңғалдырады. "Реал" үшін 400-ші ойынымды өткізгеніме қуаныштымын. Қанша гол салғанымды білмеймін. Мұны мен туралы айтқыштардан сұрау керек шығар. Гол салуға мүмкіндік туса, мен оны орындаймын. Футбол ойнаймын, сол себепті де менің соққыларымды қақпашы қайтарады не қақпаға тиіп жатады. 

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші айналымының ойындары өтті.
Н тобында дортмундтық "Боруссия" өз алаңында мадридтік "Реалдан" ұтылды. Есеп - 1:3. Ойынның 18-ші минутында Гарет Бэйл есеп ашты. Содан кейін, португалиялық футболшы "Реал" үшін 400-ші ойынға қатысып, екі голдың авторы атанды.


  0