Ракитич: "Барселонаға" ең бастысы команда болып қалу

Месси тұңғыш рет Буфонның қақпасына гол салды.

"Барселона" клубының жартылай қорғаушысы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші айналымында "Ювентусты" жеңгеннен кейін, өз пікірін білдірді.

"Қазіргі уақытта бізге ең бастысы - команда болып қалу және бірге күресу. Егер біз осыны игерсек, команда көптеген жетістіктерге жетеді. Бұл көрсеткіш, осыдан бірнеше апта бұрынғы көрсеткіш секілді бізге сенім береді. 
 
Бізге берілген мүмкіндікті көп күттік. Бірінші кезеңді жақсы өткізу керек болды, екінші таймда осы табысты сақтап қалу міндеттелді. Біз өзіміз көрсеткен ойынға көңіліміз толады", - деп жазылған Ракитичтің сөзі "Барселона" клубының сайтында. 

Еске салайық, кеше "Барселона" туриндік "Ювентусты қабылдады. Есеп (3:0) алаң иелерінің пайдасына шешілді. Осы ойында Месси тұңғыш рет Буфонның қақпасына гол салды. 



  0