ҚХЛ. "Барыс" және "Авангард" арасындағы ойынды қайдан тамашалауға болады

Омдық команда жеңіске табан тіреп тұр

Бүгін 22 наурызда Гагарин кубогінің екінші раундында астаналық "Барыс" бесінші ойынын омдық "Авангардпен" өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Кездесу Қазақстанның елордасында Астана уақытымен сағат 17:00 болады. Тікелей эфирде матчты QazSport телеарнасы көрсетеді. Ойынды телеарнаның сайты арқылы да көруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ ойынды ҚХЛ-ТВ және ҚХЛ HD арқылы көруге болады.

Айта кетейік, серияның бірінші матчында Астаналық "Барыс" "Авангардтан" 3:1 есебімен жеңіліп қалған. Бірақ, өз алаңында болған матчта 4:2 есебімен жеңіске жетті. Одан кейін қонақта болған кездесу нәтижесі 0:5 және 1:3 есебімен аяқталған. Сөйтіп, серияда төртінші жеңіске дейінгі есеп - 3:1. Омдық команда жеңіске табан тіреп тұр.

Алдағы ойында Даррен Диц өнер көрсетпейді, ол бір ойын алаңға шыға алмайды. Оған қоса қазақстандық клуб қорғаушы Кирилл Полохов пен шабуылдаушы Роман Старченкосыз ойын көрсетеді. Екі ойыншы да жарақат алған. Бұрын ойыннан қуылған шабуылшы Патрис Кормье құрамға оралды.


  0