"Барыстың" ҚХЛ плэй-офф кезеңіндегі келесі қарсыласы белгілі болды



Астаналық "Барыс" ҚХЛ плэй-офф кезеңінің ширек финалына шықса, кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Барыстың" қарсыласы "Салават Юлаев" - "Металлург" текетіресінің қорытындысы бойынша анықталды. Сериядағы алтыншы матч 7 наурызда Уфада өтіп, айдын иелерінің овертаймдағы жеңісімен аяқталды – 3:2. Осылайша, "Салават Юлаев" серияда 4:2 есебімен жеңіске жетіп, Шығыс конференциясы плэй-офф кезеңінің жартылай финалына шықты. Команда енді екатеринборлық "Автомобилист" командасымен ойнайды.

Мұнда "Барысты" омдық "Авангард" күтіп тұр. Ол Гагарин кубогының қазіргі иегері қазандық "Ақ Барсты" төрт матчта ұтқан.

Айта кетейік, Андрей Скабелки шәкірттері ҚХЛ плэй-офф кезеңінің ширек финалына бүгін, 8 наурызда шығуы мүмкін. Команда Нижний Новгородта жергілікті "Торпедомен" кездеседі. Бес матчтан кейін серия есебі астаналық клубтың пайдасына 3:2 болып тұр.


  0